Психолог — Мамадьярова Заура Муратовна

Тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қолайлылығын сақтауға бағытталған кәсіби әрекетті жүзеге асырады.
Бала құқығын қорғау Конвенциясына сәйкес жеке құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
Ұйымның әлеуметтік саласын үйлестіруге көмектеседі және әлеуметтік бейімделе алмаушылықтың алдын алу бойынша алғашқы шараларды жүзеге асырады.
Тәрбиеленушілер дамуына кедергі келтіретін фауторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қарастырады (психотүзетушілік, ағартушылық және консультациялық).
Тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына (оларды алмастырушы тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемеларын шешуге жәрдемдеседі.
Түрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикалау жүргізеді.
Зерттеу материалдары бойынша тәрбиеленушілердің жеке басының және әлеуметтік дамуы проблемасындағы оқутышылар ұжымының, олардың ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) бағдарын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің психологиялық- педагогикалық қорытындысын жасайды.
Белгіленген формада құжаттама жүргізеді және оны тиісінше пайдаланады.
Тәрбиеленушілер дамуындағы жеке және жыныс-жастық ерекшеліктерін ескерек отырып, дамытушы білім беру бағдарламаларын жоспарлауға және жасауға қатысады, оларда әртүрлі өмірлік және кәсіби өзін-өзі тану жағдайларында бағдарлана білуін дамытуға жәрдемдеседі.
Табиғатынан дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуы мен ізденісіне жәрдемдеседі.
Тәрбиеленушілер дамуындағы ауытқушылық дәрежесін (ақыл-ой, дене, эмоциялық), әлеуметтік дамуындағы түрлі бұзуларды анықтайды және оларды психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізеді.
Тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Білім беру ұйымы қызметкерелеріне тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыруға бағытталған психологияны тәжірибеде пайдалану мәселелері бойынша кеңестер береді.
Педагогикалық, ата-аналар жиналысына, сауықтыру, тәрбиелеу және басқа білім беру бағдарламасында қарастырылған шараларды өткізу бойынша әдістемелік кеңнестер жұмысына қатысады.
Өзінің кәсіби біліктілігін көтереді.
Білім беру процесі барысында тәрбиеленушілер өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.