Әдіскер: Кемелбекова Рауза Орынбасаровна

- Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
- Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу- тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.
- Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.
- Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
- Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекіуге дйындауды ұйымдастырады.
- Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша сабақтар ретін құрады.
- Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
- Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.
- Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинатауды ұйымдастырады.
- Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
- Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу- педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы рәсімдейді.
- Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
- Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды.
- Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді.
- Біліктілікті арттыру және педегог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын және балаларды қабылдау жұмысын жүргізеді. - Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасымен бекітілген квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы компаенс институтын функцияларға сәйкес жұмыстар жүргізу;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмы сын үйлестіру.
Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
Білім алушылардың (тәрбиеленуілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.
Қосымша білім алуға және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады.
Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді.
Ата – аналарымен және тәрбиеленушілердің басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.