Музыка жетекшісі: Мулламетова Гульмира Кашиповна

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады.
Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген.
Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және мәдени- бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; балалармен жеке жұмыстар жүргізеді, дарынды балаларды таңдайды.
Таңертеңгілік гимнастикаға, дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Балалармен ойындық іс-әрекеттерді, саздық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға қатысады.
Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады.
Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді енгізеді.
Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді.
МДБҰ тәрбиеленушілерінің саздық даму деңгейін бақылап отырады.
Құқықтары
ҚР Еңбек кодексінде, Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған құқықтарды иеленеді.