Медбике — Серубаева Жауказын Пазловна

Мектепке дейінгі ұйымның мекен жайлары мен учаскесінің санитарлық жағдайын қадағалайды.
Балаларды дәрігердің қарауына әзірлейді.
Балаларды дәрігердің қарауына қатысады.
Балалардың дене салмағын анықтайды, антропометриялық өлшеулер жасайды.
Профилактикалық екпелер жасайды, дәрігердің тағайындауын орындайды.
Дәрігердің тағайындауы бойынша санитарлық режимін сақталуын қадағалайды, балаларды шынықтыру шараларын ұйымдастырады.
Сауықтыру шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, күн режимінің сақталуын қадағалайды, таңғы жаттығудың, дене шынықтыру сабақтары мен балалар серуенінің дұрыс орындалуын бақылайды.
Ауырып қалған балалардың есебін жүргізеді, сырқаттанған балаларды оқшаулайды.
Оқшаулағыштағы балалардың күтімін ұйымдастырады.
Дәрігердің медициналық тағайындауын және процедуралардың дұрыс орындалуын қадағалайды.
Таңертеңгілік қабылдауға қатысып, аурудан жазылып келген және жұқпалы аурулардың қасында болған балалардың қызуын өлшеу, т.б. шараларды жүргізеді.
Ағымдық дезинфекцияның жүргізілуін бақылайды.
Топтар тәрбиешілерінің таңертеңгілік қабылдауын бақылайды.
Балалардың дене дамуы мен денсаулығы проблемаларына арналған педкеңестердің жұмысына қатысады.
Дәрі-дәрмек, бактериологиялық препараттар, дезинфекциялаушы құралдар, медициналық құрал- жабдықтар мен аппаратуралар алуға тапсырыс даярлайды.
Ұйым қызметкерлері мен ата-аналар арасында санитарлық – ағарту жұмысын ұйымдастырады.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің уақытында медициналық тексерістен өтуіне бақылау жасайды.
Тиісінше медициналық құжаттамалар жүргізеді. Ай сайын әкімшілікпен және кәсіподақ комитетімен бірлесіп, мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың аурушандығы себептерін қарастырады, бұл себептерді жою туралы ұсынысын енгізеді.
Тағамдық блок қызметкерлеріне іріңді ауру түріне тексеріс жүргізеді.
Аудандағы эпидемиологиялық жағдаймен дер кезінде таныс болып отыру үшін, жақын жердегі емханамен жүйелі байланыс орнатады.
Мектепке дейінгі ұйымда диетбике жоқ болған жағдайда, оның төмендегідей міндеттерін атқарады:
Үлгі 10 күндік мәзір негізінде күнделікті мәзір-таратпа жасап, бухгалтерияға өткізеді.