Логопед — Зиябекова Гульфиайрус Маралбековна

МДБҰ-да барлық балалардың сөйлеуін тексеруде профилактикалық жұмыстар шеңберінде сөйлеу кемісітігі бар, логопедтік түзету көмегін қажет ететін балаларды анықтау;
Сөйлеу кемісітігі бар балаларды ертерек анықтап, кешенді тексеруді қажет ететіндеріне психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (бұдан әрі-ПМПК) мамандарына кеңес алуға жолдама беру;
Мектепке оқытуға даярлау мақсатында мектепке дейінгі жасындағы балалардың ауызша сөйлеуіндегі кемшіліктерді түзету;
Мектепке дейінгі жасындағы балалардың жазбаша сөйлеуіндегі кемшіліктердің дер кезінде алдын алу;
Педагогтар, тәрбиешілердің ата-аналары арасында логопедтік білім негіздерін түсіндіру және насихаттау; сөйлеу қызметі нашар дамыған жас балаларды арнайы тәрбиелеуді ұйымдастыру проблемесы бойынша сөйлеу кемістігі бар 4 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен түсінік беру жұмыстарын жүргізу;
Логопед мұғалім болып, «Логопедия» немесе «Олигофренопедагог» немесе «Сурдопедагог» (қайта даярлау курстарынан өткен жағдайда) мамандығы бойынша дефектолог білімі бар адам тағайындалады. Сондай-ақ бұл лауазымға «Мектепке дейінгі педагогика» мамандығы бойынша жоғары педагогтік білімі бар, «Логопедия» мамандығы бойынша қайта даярлаудың міндетті бір жылдық курстарын бітірген адамдар да тағайындала алады.
Логопед МДБҰ педагогтары үшін бекітілген тәртіппен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Логопед мұғалімнің апталық жүктемесі мен еңбек демалысы арнаулы білім беру ұйымдары үшін белгіленген нормативтермен анықталады.
Логопед мұғалім сөйлеу тілінде кемісітігі бар балаларды уақытында анықтауға, пункттің жиынтықталуына, түзету оқуының сапасы үшін жауапты.