Есепші — Саткенова Меруерт Турарбековна

1 Мекемеде материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, мақсатты, үнемді пайдалануын, меншік мүлкінің сақталуына есепші есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
2 Белгіленген жүргізу ережелері негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыруды, оның ішінде:
-келіп түсуші ақша қорларының, тауар-материалды құндылықтардың және негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есепке ақша қорларының қозғалуымен байланысты операцияларды өз уақытында іске асырады;
-шығыстар сметасы орындалуына сенімді есеп жүргізеді;
-мекеменің шаруашылық-қаржы қызметі нәтижелерін нақты есептейді;
-төлемдердің мемлекеттік бюджетке, жарналардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға өз уақытында аударылуы мен дұрыс есептелуін іске асырады;
-ақша қорларының және материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, жымқырылуы бойынша материалдарды рәсімдеуге қатысады, тиісті жағдайларда осы материалдарды сот және тергеу органдарына өткізілуін қамтамасыз етеді;
-бастапқы құжаттар, бухгалтерлік жазбалар негізінде сенімді бухгалтерлік есеп құрады, оны белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға ұсынады;
-бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, белгіленген тәртіпке олардың рәсімделіп, мұрағатқа өткізілуін іске асырады.
Мұқият бақылауға алуы тиіс:
-тауар-материалды құндылықтарды қабылдау-босатудың белгіленген рәсімдеу ережелерін сақтау;
-еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуы, лауазымдық окладтардың белгіленуі, шаттық, қаржы және кассалық тәртіптің қатаң сақталуы;
-еңбекақы қорының тауар- материалды құндылықтардың, негізгі құралдардың, есеп айырысу мен төлем міндеттемелерін жүргізудің белгіленген ережелерін сақтау;
-белгіленген мерзімде дебиторлық қарызды өндіру және несиегерлік қарызды өтеу, төлем тәртібін сақтау;
-бухгалтерлік баланыстан жетіспеушіліктерді, дебиторлық қарызды және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығы.
Жетіспейтін ақша қорларының және тауар-материалды құндылықтардың заңсыз тексерілуінің, қаржы және шаруашылық заңнамалары бұзылуынын алдын-алатын іс-шараларды дайындауға белсенді қатысуға міндетті.
Лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекеті табылған жағдайда бас бухгалтер жазбаша түрде шара қолдану үшін мекеме басшысына хабарлайды.
Ақша қорларын, тауар-материалды және басқа да құндылықтарды қабылдау, сақтау және жұмсаудың белгіленген тәртібі мен заңнамаға қайшы келетін операциялар бойынша орындау мен рәсімдеу үшін құжат қабылдауға тиім салынады.
Мекеме басшысынан осындай әрекет жасауға өкім алған кезде, бас бухгалтер оны орындамай, жазбаша түрде басшыға оның өкімі заңсыз екендігі туралы хабардар етеді.
Мекеме басшысынан екінші рет қайта өкім алған кезде, бас бухгалтер оны орындайд. Бұл жағдайда жасалған операцияның заңсыздығына мекеме басшысы толық жауапкершілік алады.
Келесі жағдайларда жауапкершілікке ие болады:
-бухгалтерлік есептің түзетілуі үшін. Мұның өзі бухгалтерлік есептің бос жіберілуінен және бухгалтерлік есептіліктің бұрмалауынан болады;
-ақша қорларының, тауар- материалды және басқа да құндылықтардың қабылдау, кірісті жазудың, сақтау мен жұмсаудың белгіленген тәртібіне қайшы келетін операциялар бойынша құжаттарды орындау мен рәсімдеу кезінде;
-банктерде есеп айырысу және басқа да есептеулер, дебиторлар және несиелермен есеп айырысу бойынша операциялардың өз уақытынан тыс дұрыс тексерілмеуі;
-бухгалтерлік баланстардан дебиторлық қарыздар мен басқа да шығымдардың жетіспеушілігін есептен шығару тәртібінің бұзылуы;
-бухгалтердің кінәсінен сенімсіз бухгалтерлік есептіліктің жүргізілуі;
-бухгалтерлік есеп ұйымдастыру бойынша ережелер мен нұсқаулықтардың басқа да бұзылу жағдайлары.
Мекеме басшысымен тең жағдайы:
-қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін ережелерді бұзғандығы үшін;
-тиісті органдарға бухгалтерлік есептер мен баланстарды ұсыну мерзімдерін бұзғандығы үшін жауап береді.
8. Бас есепші тәртіптік, материалды және қылмыстық жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.