Аспазшы — Тлеумбетова Гульнара Ермахановна

- Тамақ блогының жұмысын ұйымдастырады.
- Тамақ блогына келіп түсетін шикізат сапасына тұрақты бақылау жасайды.
- Тамақ дайындау технологияларының, шикізат салу нормаларының, санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Медициналық бикемен бірге күн сайын дайын өнімді саралайды.
- Күнделікті және перспективалық ас мәзірін құруға қатысады.
- Ас және кулинарлық өнімдерді дайындау кезінде қосалқы жұмыстар атқарады.
- Пышақ және түрлі құралдармен жуғанға дейін және жуғаннан кейін картоп, көкөніс, жеміс-жидектерін тазалайды.
- Балық, ет, құс етін мұздан ертеді. Балық пен құсты тазалайды. Сельдті бөліп әзірлейді. Ішек-шабақтарды өндейді.
- Азық-түліктерді жуады, оларға жуғанға дейін және жуғаннан соң сумен шаяды.
- Нан, картоп, көкөністерді кеседі.
- Азық-түліктерді пісу ұзақтығына қарай біртіндеп қазанға салады.
- Тәуліктік нормалар мен қалдықтарды ескере отырып, қоймашыдан азық-түліктерді салмағына қарай қабылдап алады.
- Азық-түлікті бір балаға есептеп салу нормасына сәйкес кесте бойынша дайын тамақты пайдалануға жібереді.
- Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ас үй мүлкін белгілейді.